USD
USD
USD

Астанада «Жеңіс батырларының әндері» атты патриоттық концерт өтті

Астанада әскери дайындық пәнінің оқытушылары «Жеңіс батырларының әндері» атты концерт ұйымдастырды.

Астана
Фото: Астана

Астана, NEGE. Астана қаласында Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында ерекше рухани-мәдени шара өтті. Әскери дайындық пәнінің оқытушыларының бастамасымен ұйымдастырылған «Жеңіс батырларының әндері» атты концерт көрермендерге үлкен әсер қалдырды. Шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына патриоттық рух пен отансүйгіштік сезімді дарыту, сонымен қатар Отан қорғаушыларға құрмет көрсету болды.

Астана
Фото: Астана

Іс-шара Бауыржан Момышұлы атындағы №53 мектептің базасында ұйымдастырылды. 

Концертке арнайы шақырылған еңбек ардагерлері мен Ауған соғысының ардагерлері көрермендер қатарында отырды. Сонымен қатар, Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің өкілдері де шараға қатысып, жастардың әскери-патриоттық тәрбиесіне байланысты жылы лебіздерін білдірді.

Астана
Фото: Астана

Кеш барысында әскери-патриоттық бағыттағы әндер шырқалды. «Батырлар» әскери-патриоттық орталығының тәрбиеленушілері өз өнерлерін көрсетті. Олар әскери даярлық пен сахналық шеберлікті үйлестіріп, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Осындай шаралар жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыруға, үлкендерді құрметтеуге және өз елінің тарихын терең білуге жол ашады. 

Аталмыш концерт – тек ән мен жыр емес, сонымен қатар Отан алдындағы борыш пен тарихи жадының маңыздылығын ұлықтаған тағылымды кеш болды.

Қазір оқып жатыр

Доңға кен орнындағы көпжылдық дау реттелді: Қазақстанға өтемақы төленеді

Доңға кен орны

«Сынды дұрыс қабылдаймыз»: ҚазАвтоЖол жол сапасы туралы не деді?

Нұрқат Ақылтаев, Қазавтожол

Ресейдегі қауіпті инфекция Қазақстанға таралуы мүмкін бе: ДСМ жауап берді

дәрігер

Астанада қоғамдық көлік жолақысы 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

Автобус