USD
USD
USD

Жеңімпаз атанған көкпаршылардың қанша сыйақы алатыны белгілі болды

Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы директорының орынбасары Қарлығаш Рамазанова Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан алтын медаль алған қазақстандық құрама спортшылары қанша сыйақы алатынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Көшпенділер ойындары
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу дирекциясынан көкпар мен көк бөрідегі жүлделі орындар үшін мынадай сыйақылар белгіленген:

– 1 орын үшін – 10 млн теңге;

– 2 орын үшін – 6 млн теңге;

– 3 орын үшін – 4 млн теңге.

Сондай-ақ, Көк бөрі республикалық федерациясының президенті Бауыржан Әбдірашитовтың атынан мынадай жүлде қоры белгіленген:

– Көкпар бойынша бірінші орын үшін әр спортшы мен әр жаттықтырушыға 5 млн теңгеден;

– Көк бөрі бойынша бірінші орын үшін әр спортшы мен жаттықтырушыға 10 млн теңгеден.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан құрамасы Қырғызстан командасын жеңді. 

Қазір оқып жатыр

Санжар Боқаевтың ісі бойынша сот отырысы кейінге қалды

бокаев

Марқұм сарбаздар мемлекеттік наградаға ұсынылады

Көңіл айту

Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің отбасыларына жиналған қаражатты арнайы комиссия бөледі

Бозымбаев

«Жауапкершіліктен жалтармаймыз»: Қорғаныс министрі Каспийдегі трагедиядан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрі