USD
USD
USD

Жеңіл атлетика федерациясы Ясмина Тоқсанбаеваға қатысты шешімге шағым түсірді

Қазақстанның Жеңіл атлетика федерациясы Азиада-2026-да жеңіп алған алтын медалін қайтаруға мәжбүр болған Ясмина Тоқсанбаеваға қатысты мәлімдеме жасап, спортшы қызға Федерация есебінен чемпионға тиесілі сыйақы толық көлемде төленетінін хабарлады.

Ясмина Тоқсанбаева
Фото: Арлан Олжабай, qazathletics/instagram.com

Астана, NEGE. Бұған қоса, Федерация мәлімдемесінде Тоқсанбаеваның құқықтары мен мүддесін қорғау жұмысы жалғасатыны айтылған.

«Қазіргі уақытта қабылданған шешімге қатысты федерация атынан наразылық білдіріліп, тиісті шағым жіберілді», – делінген хабарламада.

Ұйым өкілдерінің мәлімдеуінше, World Athletics ұйымының рұқсат етілген аяқ киімдер тізімінде ASICS бренді көрсетілгенімен, бұл тізімде Ясминаның жарысқа киіп шыққан аяқ киімнің моделі болмаған. Сонымен қатар жарыс басталғанға дейін спортшының аяқ киімі тексеріліп, жарысқа қатысуына рұқсат берілгені атап өтілген.

Бұл ретте Федерация спортшы алдындағы өз жауапкершілігін мойындады.

«Спортшының сапалы дайындығы мен жарыстағы нәтижесінен бөлек, белгіленген регламенттер мен техникалық талаптарды сақтау, сондай-ақ халықаралық спорт ұйымдарында спортшылардың мүддесін тиімді қорғау да маңызды», – деп атап өтті ұйым өкілдері.

Сондай-ақ хабарламада Федерация өз тарапынан Ясминаға толыққанды оқу-жаттығу процесін, медициналық-биологиялық қолдауды және дайындыққа қажетті барлық жағдайды қамтамасыз еткені айтылған.

«Біз үшін Ясмина – чемпион. Федерация оны қолдауды жалғастырады. Біздің жіберген шағымымыз бен наразылығымыздың нәтижесіне қарамастан, чемпионға тиесілі барлық сыйақы Федерацияның өз қаражаты есебінен толық көлемде төленеді», – делінген Жеңіл атлетика федерациясы жариялаған хабарламада.

Еске салсақ, 27 қыркүйек күні Жапонияда өткен әйелдер арасындағы спорттық жүрістен Тоқсанбаева топ жарып, Қазақстан құрамасының қоржынына алтын медаль салған еді. Алайда кейін оның нәтижесіне наразылық білдіріліп, жарыс қорытындысы қайта қаралды.

Азиада-2026 ресми хаттамасына сәйкес, Тоқсанбаеваның нәтижесі экипировкаға қойылатын талаптардың бұзылуына байланысты жойылды.

Қазір оқып жатыр

Кувейтте ауруханаға түскен қазақстандық бортсерікке консулдық көмек көрсетіліп жатыр – СІМ

Қазақстандық бортсерік

Forbes Kazakhstan сайтына хакерлік шабуыл жасалып жатыр

Арманжан Байтасов

Қазақстандағы үшінші АЭС Қостанай облысында салынуы мүмкін

АЭС

Ақтөбеде генерал-майор мен подполковник сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды деген ақпарат тарады

Тимур Еспағамбетов