USD
USD
USD

Жеңіс Нұрлыбаев джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды

Атыраулық спортшы джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды.

Жеңіс Нұрлыбаев джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, Біріккен Араб Әмірлігінің астанасы – Абу-Даби қаласында джиу-джитсудан жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында әлем чемпионаты өткен.

«Халықаралық додаға әлемнің 65 елінен 1 500 спортшы қатысты. Қазақстан намысын қорғаған спортшылардың арасында Айбар Есенғалиев бастап барған атыраулық джиу-джитсушылар да бар.

Оның ішінде джиу-джитсудің файтинг бөлімінде 56 келіде сынға түскен Жеңіс Нұрлыбаев әлем чемпионы атанды. Ал, жастар арасында Аружан Қуанышқызы (U18, 44 келі), Ерлан Абатбаев (U18, 50 келі), Азамат Әбуов (U16, 55 келі) пен Бейбарыс Жұмабаев (U16, 42 келі) күміс жүлдеге ие болды» - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Бай азаматтарға салынатын салық: Бектенов бір ай уақыт берді

Олжас Бектенов

Жәрдемақы алу тәртібі өзгереді: енді отбасының қарызы да есепке алынады

Көпбалалы аналар

Қамаудан босатқан күдіктіні қайта ұстаған: заң не дейді?

Заң

Ақтөбеде жер қойнауын пайдаланушылар 1,2 млрд теңге салық төлемеген

Салық