2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Жеңіс күніне орай мәдени-көпшілік шаралар өткізілмейді

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған іс-шаралар Алматы қаласында енгізілген Төтенше жағдай мен карантин режиміне байланысты тоқтатылады.

Жеңіс күніне орай мәдени-көпшілік шаралар өткізілмейді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жеңіс Күні қарсаңында, 9 мамыр күні коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында Алматы әкімдігі жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб тұрғындарға адамдар көп жиналатын жерлерге, мемориалдар мен зираттарға барудан бас тартуды ұсынады. Яғни бұл ұсыныс 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақтағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсіміне де қатысты айтылған.

«Біздің әкелеріміз бен аталарымыздың ерлігі – мәңгілік. Біздің соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін осы айтулы күн – Ұлы Жеңіс Күнімен құттықтағым келеді және оларға мықты денсаулық, ашық аспан тілеймін. Осы жыл – мерейтой жылы, яғни фашизмді жеңген Ұлы Жеңіске 75 жыл, әрине, біз оны лайықты қарсы алуға дайындалғанбыз. Бірақ өкінішке қарай, ол әлемдегі осындай қорқынышты Төтенше жағдайға сәйкес келді. Осыған байланысты, барлық қалалықтардан, бірінші кезекте аға буын өкілдерінен саябақтар мен скверлерге барудан бас тартуларыңызды сұраймын. Өйткені, дәл қазіргі жағдайда олар қауіптің алдында тұр, сондықтан да қалалықтардан ардагерлермен кездеспеуін сұраймыз», – деп атап өтті Алматы қаласының Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб төрағасының орынбасары Ерлан Қожағапанов. 

Сондай-ақ, ол азаматтар көп жиналатын жерлерде Полиция департаменті тарапынан жаяу және автомобильді патрульдеу күшейтілетінін жеткізді.

Осыған байланысты, кезекті рет азаматтарға карантин мен санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды мүлтіксіз сақтау туралы еске саламыз. Бұл талаптарды елемеу заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартатынын ұмытпаған жөн.

Қазір оқып жатыр

Каспий теңізінде суға кеткен екі сарбаздың денесі табылды: қаза болғандар саны 14-ке жетті

Каспий теңізіндегі іздестіру жұмысына қатысқан техникалар

Алматыда бұрын сотталғандар өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, 3 млн теңге бопсалаған

Күдіктілерді ұстау сәті

Қазақстан Халық кеңесі мүшелері қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына 815 млн теңге бермек

Сарбаздарды іздеуге шыққан кемелер

Әскери қызметшілердің қазасы: 30-дан астам адамнан жауап алынды, күдіктілер бар

Адам ұрлау