USD
USD
USD

Жеңіс Қасымбеков сүйіншіледі

Қарағанды облысындағы негізгі қорларды инвестициялау 1,6 есе өскен. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбеков айтты.

Жеңіс Қасымбеков сүйіншіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қарағанды облысының даму қарқыны жоғары. Облыстағы атқарылып жатқан істерді тарқанқан әкім "мыңдаған адам үйлі болды" деп сүйіншілегендей болды. «2019 жылы 11 ай ішінде экономикалық өсім 106,6% құрады. Негізгі қорларды инвестициялау 1,6 есе өсіп, 685 млрд теңге болды. Бұл көрсеткіш жыл соңына дейін 700 млрд теңгеге дейін өседі», – дейді Жеңіс Қасымбек.

Оның айтуынша, құрылыс жұмыстарының көлемі 2 есеге өсіп, 372, 2 мың шаршы метр көлемінде үй салынды.

«Келесі жылы 630 шаршы метр үй салынбақ. Осы жылы облыстағы 3,5 мыңнан астам адамның баспана мәселесі шешілді. Оның ішінде 1008 адам «әлеуметтік кезекте« тұр», – дейді әкім.

Сондай-ақ, облыс әкімі Қарағанды, Теміртау және Жезқазған қалаларындағы 300 үйдің газ қосуға дайын екендігін айтты. 2021 жылға дейін 1 млн адам, 100 елді мекен немесе 68 000 үй, 700 кәсіпорын көгілдір отынмен қамтылады.


 

Қазір оқып жатыр

Digital Qazaqstan Battle ұлттық стартап-батлының финалистері анықталды

.

Елордада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Жедел жәрдем

Жол инфрақұрылымының жаңғыруы: жаңа көлік дәліздері және өңірлердің дамуы

.

Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау жұмысы аяқталды

СІМ