USD
USD
USD

Жеңілдетілген пайызбен несиелік баспанаға өтінімдер қабылдау басталды

Шымкент қаласында 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, 15 қыркүйек аралығында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «5-20-25» бағыты бойынша жеңілдетілген пайыздық көрсеткіштегі 192 несиелік пәтерге өтінімдер қабылдау конкурсы басталды.

Жеңілдетілген пайызбен несиелік баспанаға өтінімдер қабылдау басталды
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Аталған кредиттік бағыттағы конкурсқа тұрғын үй кезегінде тіркелген барлық азаматтар қатыса алады. Ол үшін Отбасы банкінің «baspana.otbasybank.kz» порталы арқылы онлайн өтінім жіберсе болғаны.

Алғашқы жарна пәтер құнының 20 %-ын, несиенің жылдық мөлшерлемесі 5 %-ды құрайды. Отбасы банк жариялаған ақпаратқа сәйкес, тұрғын үйлер Тұран шағынауданында орналасқан.

Айта кету керек, бұл бағыт бойынша азаматтарға қойылатын басты талап, отбасының соңғы алты ай ішінде еңбек немесе кәсіпкерлік қызметтен табысы әрбір мүшесіне ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,7 еселенген мөлшерінен (2021 жылға – 126 917 теңгеден) аспауы қажет. Зейнетақы аударымдары мен жеке табыс салығы және өзге де міндетті аударымдар табыс көзі ретінде есептелмейді.

Қазір оқып жатыр

Мусин, Тукиев, Жатқанбаева: Тоқаев Конституциялық сот судьясы етіп кімдерді тағайындады?

Конституциялық сот судьялары

Әскери кемелер жасайтын «Зенит» зауыты сатылымға қойылды

Зенит

Оңтүстік Кореяның экс-бірінші ханымының жазасы қысқарды

Ким Гон Хи

«Ар-намысымды қорғаймын»: Перуашев өзіне қатысты айыптауларға жауап берді

Ақ жол