USD
USD
USD

Жеңілдетілген автонесиеге өтініш беру тәртібі өзгеруі мүмкін

Қазақстанда жеңілдетілген автонесие алуға өтініш беру тәртібі өзгеруі мүмкін. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев мәлімдеді.

Жеңілдетілген автонесиеге өтініш беру тәртібі өзгеруі мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Берілетін несие сомасы 10 миллион теңгеге дейін болуы тиіс, автокөліктің құны 15 миллион теңгеден аспауы керек. Халыққа көліктер қолжетімді болуы үшін, бұл бағдарламада қымбат көліктер болмауы қарастырылған. Біз бағдарламаны айдың аяғына дейін бастауға тырысамыз", - деді Қарабаев Үкімет отырысында.

Ведомство басшысының айтуынша, осы аптада Өнеркәсіпті дамыту қоры брифинг өткізеді, онда бағдарламаны қайта бастаудың нақты күні айтылады.

"Бұл жерде бағдарламаның тетігін қайта қарау туралы мәселе тұр. Егер бұған дейін олар алдымен автосалондарға жүгініп, содан кейін банкке барса, Өнеркәсіпті дамыту қоры басқа механизмді ұсынады: алдымен Өнеркәсіпті дамыту қорына жүгінеді, онда электрон кезек болады, содан кейін автосалонға барады. Автосалондар олармен келісілген белгілі бір мерзімде көлікті ұсына алуы үшін", - деп түсіндірді министр.

Жаңа автокөліктерді ұзақ күту туралы айта келе, Қарабаев мұндай жағдай Қазақстанда ғана емес екенін атап өтті.

"Бұл кез келген елде, тіпті KIA өндірілетін Оңтүстік Кореяда болады. Сондай-ақ, кей маркалары халықтың 2-2, 5 жыл күтуіне тура келеді", - деді ол.

Қазір оқып жатыр

Серік Сәпиев Астана халықаралық қаржы орталығында жеке компаниясын тіркеді

.

Құрылтайдың әр депутатына жылына 155 млн теңге жұмсалатыны рас па?

Құрылтай бюджеті

Қазақстан мұнай өңдеу көлемін 18 млн тоннадан 39 млн тоннаға дейін арттырмақ

Мұнай экспорты

Аз төлем қарызды өтеуге есептелмейді: FinKelisim ережелері өзгермек

Қарыз