Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Жеңілдетілген автонесиеге бір күнде 2200-ден аса қазақстандық өтініш білдірген

ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Олжас Сапарбеков жеңілдетілген автонесиенің жаңа бағдарламасы іске қосылғалы халықтан қанша өтініш айтты.

Жеңілдетілген автонесиеге бір күнде 2200-ден аса қазақстандық өтініш білдірген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Кешеден бастап өтініш қабылдауды бастадық. Екі банк – ЦентрКредит пен Eurasian Bank автонесиеге өтініш қабылдауды бастады. Орта есеппен екі банкке 2200-ден астам өтініш қабылданып, қазір ол өтініштер қаралып жатыр. Қалған банктер бойынша, кеше әріптестеріп атап өткендей, корпоративтік процедуралар жүріп жатыр. Ол банктер жақын арада бұл процедуралар аяқталғаннан кейін іске кіріседі", - деді ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Олжас Сапарбеков.

Оның айтуынша, «ЦентрКредит» бір күнде 1000-ға жуық, ал Eurasian Bank 1200-ге жуық өтінішті қабылдады. Сонымен қатар ForteBank пен Halyk Bank автонесие беруге рұқсат алды.

Сапарбеков атап өткендей, басқа банктер де жақын арада Индустрияны дамыту қорынан келісім алып, несиелеуді бастайды.

Несиеге автокөлік сатып алу үшін шотты алып, банкке бару керек. Банктің мақұлдау бойынша өз процедуралы бар. Олар бірқатар мәселелерді қарастырады: әл-ауқаттың келуі, несиенің болу-болмауы, басқа да міндеттемелер. Банктен рұқсат алғаннан кейін ғана автокөлікті алуға болады.

Қазір оқып жатыр

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.

Мақта теріп, қой алған: Threads-те танымал болған оқушы кәсібін қалай бастады

Мал шаруашылығы

Қазақстанда жарықтың өшуі Қырғызстандағы ГЭС-тен басталды – KEGOC

тариф

Ертісбаев пен Бапи: ҚХП мен ЖСДП бұрынғы басшыларына қатысты даулы мәселелерге жауап берді

Ертісбаев пен Бәпи