Жеңілдетілген автокредит: бір жарым мыңнан астам көлік сатылды
Жеңілдетілген автокредит бағдарламасы бойынша қазақстандықтар бір жарым мыңнан астам жаңа автокөлік алды. Одан бөлек 10 мыңға жуық өтінім мақұлданды, деп хабарлады Ranking.kz.
Алматы, NEGE. Сарапшылардың айтуынша, автокредиттің жаңа бағдарламасы іске қосылғалы екі апта ішінде банктер 24 190 өтінім қабылдап, олардың 9 840-ын мақұлдады.
Мамыр айының соңғы аптасында бағдарлама аясында қабылданған өтінімдер саны 48,4%-ға өсті. Яғни 10 мыңға жуық қазақстандық жаңа көліктердің иесі болады.
Мақұлданған өтінімдер сомасы 72,7 млрд теңгені құрайды. Осы бағдарлама бойынша қазақстандықтар 1618 автокөлік алды.
Еске салсақ, бағдарламаға экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жетекшілік етеді. Министрлікке қарайтын "Жасыл Даму" АҚ бағдарламаны іске асыруға 100 млрд теңге бөліп, жұмысты өнеркәсіпті дамыту қорына тапсырған болатын.
Бағдарлама бойынша өтінімдерді ЦентрКредит банкі, Еуразиялық Банк, Halyk Bank және Fortе Bank қабылдайды.
Бағдарламаның шарттары:
сыйақы мөлшерлемесі – 4%;
кредиттеу сомасы – 10 млн теңгеге дейін;
қаржыландыру мерзімі – 7 жылға дейін;
бастапқы жарна – 0% бастап;
көлік құралының құны – 15 млн теңгеге дейін.
Жеңілдетілген автокредит бағдарламасы қазақстандықтардың жеңілдікті шарттармен отандық Chevrolet, ЈАС, Kia, Hyundai және т. б. автомобильдерді сатып алуына арналған.
Өңірлер арасында бағдарлама аясында берілген автокөліктер саны бойынша Алматы (307 көлік), Нұр-Сұлтан (178 көлік) және Шымкент (149 көлік) мегаполистері көш бастап тұр.
Облыс бойынша үздік көрсеткіштер Шығыс Қазақстан (120 көлік), Қостанай (114 көлік), Түркістан (103 көлік) және Қарағанды (102 көлік) облыстарында байқалды.
Айта кетерлігі, бағдарлама бойынша 1192 "темір тұлпар" Қостанайдағы "СарыарқаАвтоПром" зауытында өндірілген.
Одан бөлек Алматы Hyundai Trans Kazakhstan зауытының қуаттылығында тағы 249 автомобиль шығарылды.
Қазақстандықтар үшін басты мәселе – бағдарлама шеңберінде алуға болатын, жергілікті өндірілген автомобильдер санының жеткілікті болуы.
Ағымдағы жылдың төрт айының (қаңтар–сәуір) қорытындысы бойынша секторда оң динамика байқалады. Қазақстанның автоөнеркәсібі осы уақыт ішінде 30,75 мың көлік құралын шығарды (жылына 18% қосу), оның ішінде 27,34 мың жеңіл автомобильдер (жылына 19,2% қосу).
Сондай-ақ "СарыарқаАвтоПром" компаниясы 146,5 млрд теңге сомаға 17,51 мың көлік құралын (+6,4%), Hyundai Trans Kazakhstan 141,2 млрд теңгеге 11,1 мың жеңіл автокөлікті (+46,9%) өндірді. Басқа автоөндірушілер арасында Семей "СемАЗ" 8,2 млрд теңгеге 813 бірлік коммерциялық техника (-31,8%), Көкшетау "КАМАЗ-Инжиниринг" – 417 жүк көлігі (+9,4%), Hyundai Trans Auto – 241 автобус және 140 жүк көлігі (+14%) шығарды.
QazTehna және Daewoo Bus Kazakhstan сәйкесінше 77 және 86 автобус.
ИИДМ мәліметі бойынша, қазақстандық автоөнеркәсіп биыл 109 мың жеңіл автокөлік шығаруды жоспарлап отыр. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 93 мың автомобильлі құрады.
"СарыарқаАвтоПром" ай сайын автосалондарға 7 мыңға дейін, Hyundai Trans Kazakhstan 4 мыңнан астам көлік жеткізуді жоспарлап отыр.