USD
USD
USD

Жеңіл атлетиканың кейбір түрлерінен Олимпиадаға іріктеу турнирі басталады

2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап марафон мен спорттық жүрістен Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңдері қайта басталады. Бұл туралы World Athletics ресми түрде мәлімдеді деп жазады Olympic.kz.  

Жеңіл атлетиканың кейбір түрлерінен Олимпиадаға іріктеу турнирі басталады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 1 қыркүйектен бастап аталған спорт түрінің өкілдері Олимпиада жолдамасына таласты бастайды. Әлемдік ұйымның бұл шешімді қабылдауына қазіргі ахуал түрткі болып отыр. Спортшылар ресми жарыстардың жоқтығынан норматив орындаудың қиындығын алға тартуда.

«Әйгілі марафондардың басым бөлігі күзге ауыстырылып, кейбірі мүлде өтпейтін болды. Пандемияның өршуі көпшілік жарыстың тағдырын шешіп тастады. Осының бәрін ескере келе, бұл шешімді қабылдадық», - дейді World Athletics басшысы Себастьян Коэ.  

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Атыраудың жаңа әкіміне қандай тапсырма берді?

.

Шымкентте мүгедектігі бар әйел туыстарының кесірінен баспанасыз қалған

.

Қазақ жазушылары Нобель сыйлығына неге жете алмай жүр?

Қазақстан Жазушылар одағы

Еліміздегі барлық перзентханалар 15 тамызға дейін тексеріледі

Перзентхана