USD
USD
USD

Жемқорлықты хабарлағандар 1,1 млн теңге сыйақы алды

Ақмолада жемқорлық фактілері туралы хабарлаған тұрғындарға 1,1 млн теңге көлемінде сыйақы берілген.

Жемқорлықты хабарлағандар 1,1 млн теңге сыйақы алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қылмыстық істерді тергеу нәтижесі бойынша тұрақты негізде оларды жасауға ықпал еткен мән-жайды жоюға және алдағы уақытта осындай фактілерді болдырмауға бағытталған шаралар қабылдап келеді.

Осы тұрғыда мемлекеттік органдар мен ұйымдарға Қылмыстық-процестік кодекстің 200-бабы негізінде сыбайлас жемқорлық себептері мен жағдайларын жою үшін ұсыну енгізіледі.

Биыл алғашқы жартыжылдықта облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі осындай 64 ұсыныс енгізді.

Оларды қарау бойынша өткізілген кездесулерге 500-ден астам мемлекеттік қызметші мен түрлі ұйым қызметкерлері қатысты.

Қаралған ұсыныстардың нәтижесі бойынша 49 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның жетеуі жұмыстан босатылған.

Жартысынан көбі сөгіс пен ескерту алды (35 адам), сондай-ақ 7 адамға қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескертілді.

Бұл ретте жазаланғандар арасында 16 басшы болғанын айта кету қажет.

Сонымен қатар, биылғы алты айда сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған 7 адам 1 161 520 теңге сомасына ынталандырылды. Бұл көрсеткіш – өткен жылдың 12 айының нәтижесіне тең және сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыруға азаматтардың үлкен белсенділігінің көрінісі.

Қазір оқып жатыр

Молдова билігі Нұрлан Сабуровтың концертін өткізбеуге кеңес берді

Нұрлан Сабуров

Тоқаев пен Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді

Мирзиеев, Тоқаев

Паралимпиада чемпионы Ақмарал Науатбек тұңғыш сәбиін дүниеге әкелді

Ақмарал Науатбек

Президент қазақстандық боксшыларды Азия чемпионатындағы жеңісімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев