USD
USD
USD

Жемқорлықпен айыпталған азаматтың үкімі ұжым алдында жарияланды

Нұр-Сұлтанда сотталушы ұжымының қатысуымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі бойынша үкім жария етілді.

Жемқорлықпен айыпталған азаматтың үкімі ұжым алдында жарияланды
Фото: NEGE.kz

 Аcтана, NEGE. 30 наурызда Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотымен Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының қызметкеріне қатысты 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалғаны жайында үкім жарияланды.

Ол Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлік субъектілерінен қоғамдық тамақтану саласында ақша қаражатын алу фактісі бойынша, пандемия кезеңінде әкімшілік жауапкершіліктен жалтарғаны үшін кінәлі деп танылды.

Үкімді жариялау сотталушы ұжымының, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті қызметкерлерінің қатысуымен бейнеконференцбайланыс арқылы өтті.

2021 жылдан бастап алдын алу шарасы ретінде қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасады деп айыпталған мемлекеттік қызметкерлер ұжымдарының сот отырыстарына қатысу практикасы енгізілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер