USD
USD
USD

Жемқорлықпен күрес қызметі «Жайлы мектеп» жобасына бөлінген қаржыны бақылауға алды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары Ұ.С. Сарқұловтың басшылығымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Фото: Антикор

Алматы, NEGE. Мәжілісте уәкілетті органдардың өкілдері және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты. Жобаны іске асыру кезінде заңдылық пен ашықтықты қамтамасыз ету, сондай-ақ жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелерін қарады.

«Жайлы мектеп» жобасы ел дамуының басым бағыттарының бірі. Бүгінгі таңда Қазақстанда 37 апатты мектеп және 3 ауысымда оқитын 142 мектеп бар.

Жобаны іске асыру шеңберінде 2025 жылға қарай 800 мың оқушы орнын қамтамасыз ету жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы өз Жолдауында «әрбір қазақстандық оқушының оқуы мен жан-жақты дамуы үшін лайықты жағдайлар болуы тиіс. «Жайлы мектеп» жаңа ұлттық жобасы дәл осы мақсатқа бағытталған» деп атап өтті. Сондықтан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен тиісті уәкілетті органдар үшін жұмыстағы маңызды басымдық бүкіл ел бойынша жайлы мектептер құрылысы барысын мониторингтеу болады.

Кеңес қорытындысы бойынша жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу, сондай-ақ оларды уақтылы және сапалы салу мақсатында жауапты органдар мен «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Ұлттық жобаны іске асыру бойынша өзара іс-қимыл алгоритмі әзірленді.

Қазір оқып жатыр

Санкциядан қалған яхталар. Ресейлік табы бар түрік капиталы Қазақстанға қалай қиындық тудыруы мүмкін?

 Alfa Nero

Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

 Бөрте Сайранбекқызы

Ресейде жаппай төбелестен кейін ұсталған қазақстандықтар ісі СІМ бақылауына алынды

ресей

Қарағандыда 12 жасар қыз бен оның анасының өліміне күдікті ер адамның денесі табылды

Полиция