USD
USD
USD

Жемқорлардан мемлекетке 111 млрд теңге залал келген

Бұл былтырмен салыстырғанда 2 есе көп.

Сыбайлас жемқорлық
Фото: ғаламтордан

  Алматы, NEGE. Шығынның 96 миллиарды қызметін асыра пайдалғандардан келсе, 2 миллиард алаяқтық жолмен жымқырылған. Қазір ұрланған қаржының 5 жарым миллиард теңгеден астамы өз еркімен қайтарылды.  

Кейінгі 3,5 жылда жемқорлар жол құрылысына бөлінген қаржының 9 миллиард теңгесін қалтаға басқан. Тек былтыр 5 өңірдегі сметалық құжатта 5 миллиард теңге артық көрсетілген. Салдарынан жолдардың сапасы сын көтермейді. Жаңа асфальттардың өзі бір жыл өтпей үгітіліп жатыр. Сондықтан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жол құрылысына қатысты мониторингті күшейтті. Шетелдік тәжірибеге сүйеніп, жағдайды реттеуді көздеп отыр.

– Біз қазір Мемлекет басшысының тапсырмасымен жол құрылысы кезіндегі жемқорлықты қарастырып жатырмыз. Бұл ретте Гонгонгтың тәжірибесін қолданбақпыз. Олар жобалық-сметалық құжаттаманы тексерудің, бірде бір шығын болмауының тың әдісін тапқан, – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали.

Жомқорлық еліміздің ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім салаларында да белең алып тұр. Агенттіктің мәліметінше, жыл басынан бері 800 ден астам қылмыстық іс қозғалған. 600-дей адам ұсталды.

– Сыбайлас жемқорлықпен күресудің жалғыз жолы – заңсыз байыған мемлекеттік қызметкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту. Қазір олардағы мүліктің қайдан келгенін сұрасаң жеке басына қатысты мәселеге қол сұқтың деп айыпталасың. Сондықтан заңды өзгерту керек, – дейді сарапшы Дидар Смағұлов.

Қазір оқып жатыр

Данияр Елеусінов 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығанын айырылды

Данияр Елеусінов

Бурабайдағы демалыс базасында өрт шықты

Бурабайдағы қонақ үйдегі өрт

Бектенов Конституциялық сот шешімін «инвесторлар үшін игілікті қадам» деп атады

Олжас Бектенов

Прокурор Сұлтан Сәрсемәлиевке өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрады

Сәрсемәлиев, Мұқанғалиева