USD
USD
USD

Жемқорлар жеген 805,9 млн теңге мемлекетке қайтарылды

Бұл туралы бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай 2020 жылдың 1 жартыжылдықты қорытындыланған баспасөз брифингінде мәлімдеді.

Жемқорлар жеген 805,9 млн теңге мемлекетке қайтарылды
Фото: NEGE.kz

Aлматы, NEGE. Брифингте биылғы жылдың 6 айында Департаменттің жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне жалпы саны 102 қылмыс тіркеліп, оның ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыстар - 76, ал жедел жолмен бүгінгі күнге - 73 қылмыстық іс анықталып, былтырғы жылмен салыстырғанда өскені байқалған. 

Сондай ақ, М.Қарғабай өткен жылы бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша - 12 қылмыс тіркелгенін және жыл басынан бері анықталған қылмыстардың саны 14 - ке жеткенін жеткізді.

Баспасөз жиынында анықталған қылмыстардың негізінде мемлекетке келтірілген залалдың жалпы құны 811,8 млн тенге болған, ал оның 805,9 млн теңгесі мемлекет бюджетіне қайтарылу арқылы толығымен 99,2% өндірілгені сөз болды.

Айта кетсек, Агенттікпен бекітілген басым бағыттар бойынша, оның ішінде мемлекеттік бағдарламаларға бөлінген бюджет қаражатын ысырап ету, жүйелі сыбайлас жемқорлық деректерін анықтау, лауазымды тұлғалар тарапынан шағын және орта кәсіпкерлік бизнесіне заңсыз араласу, облыстық, қалалық және аудандық басшыларға қатысты және де көлеңкелі экономикаға лауазымды тұлғалар тарапынан қамқоршылық жасау деректерін анықтауда бүгінгі күні Түркістан облыстық Департаментінің жедел қызметінің жеке құрамы жүйелі түрде қызмет атқаруда.

Мирас Асқарбайұлы брифинг соңында еліміздің сыбайлас жемқорлықсыз келешегі оның әрбір тұрғынына байланысты екенін атап өтіп, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы Агенттіктің 1424 CALL орталыққа хабарласуға болатынын ескертті.

Қазір оқып жатыр

Сауд Арабиясына жасалған шабуыл кезінде 12 адам қаза тапты: Қазақстан СІМ мәлімдеме жасады

СІМ ғимараты

Шымкентте Қайрат Нұртастың концертін ұйымдастырған адам ұсталды

.

Қазақстандықтар такси шақыра алмай жатыр: «Яндекс Go» жұмысында ақау шықты

такси

Қайрат Нұртастың концертіндегі дүрбелең: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

ұрлық