USD
USD
USD

Жемқорлар сайлауға түсе алмайды – жаңа Конституцияның жобасы жарияланды

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының жобасын жариялады.

Антикор
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Бұл туралы «Негізгі құқықтар, бостандықтар және міндеттер» бөлімінде айтылған.

«Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған Қазақстан Республикасы азаматтарының, сотталғандығы заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмыс немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға қатысты кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлануға құқығы жоқ», – делінген заң жобасында.

Сонымен қатар сот әрекетке қабілетсіз деп таныған, сот үкімімен бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлауға да, жалпыхалықтық референдумға да қатыса алмайтыны айтылған.

Қазір оқып жатыр

86 млн теңгелік автошеру: «ҚазТрансГаздың» бұрынғы басшысы Санжар Боқаевтың рөлі туралы айтты

Боқаев

Қорғаныс министрі әскери қызметте қаза тапқан сарбаздардың туыстарымен кездесті

Gov

Бурабайда орманды қоршаған құрылысшылардың рұқсат құжаты жоқ болып шықты

Бурабай

Құрылтай депутаттары волонтерлікті дамытуды парламенттік деңгейде қолдауды ұсынды

Құрылтаф делегациясы