USD
USD
USD

Жемқор шенеуніктер мемлекеттік сатып алу құнын әдейі көтерген

Төтенше жағдай уақытында мемлекеттік сатып алу бойынша тауар құны шамамен 43 пайызға өскен. Бұл туралы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынасары Ербол Өстеміров мәлім

Жемқор шенеуніктер мемлекеттік сатып алу құнын әдейі көтерген
Фото: NEGE.kz

деді.

Алматы, NEGE. «Төтенше жағдай режимінде мемлекеттік сатып алудың жаңа тәртібі енгізілді. Тың өзгерістерге сәйкес мерзім қысқарып, әлеуетті тасымалдаушыларға да қойылатын талаптар өзгерді. Бір жағынан бұл дұрыс. Себебі мемлекеттік органдарға ТЖ режимі уақытында тауарлар мен қызметтерді тезірек сатып алуға мүмкіндік береді. Екінші жағынан мерзімнің бұлайша қысқаруы жемқорлық фактілерін туындатады», - деді Ербол Өстеміров агенттіктің Facebook парақшасында берген сұхбатында. Оның айтуынша, төтенше жағдай уақытында мемлекеттік сатып алу бойынша тауарлардың құны бірден шарықтап кеткен. «Біздің жүйе көрсетіп отырғандай, төтенше жағдай уақытында тауардың бағасы 43 пайызға өскен. Яғни мемлекеттік органдардың өз пайдасын ойлаған лауазымды қызметкерлері жемқорлық әрекетін жасап, осынау ерекше тәртіпті пайдасына жаратады», - деп атап өтті Ербол Өстеміров. Еске сала кетсек, бұған дейін Ербол Өстеміров мемлекеттік сатып алу бағасын өсіруде алдыңғы орында тұрған өңірлерді атаған болатын. «Өңірлердегі мәліметті келтірсек, өсірілген баға бойынша өңірлердің алдыңғы қатарында - Маңғыстау облысы, екінші орында - Солтүстік Қазақстан, үшінші орында - Атырау облысы тұр. Тізімнің ең соңғы орындарынан Шымкент қаласын, Түркістан мен Алматы облысын көруге болады», - дейді ол.

Қазір оқып жатыр

Құлыбаевпен байланысты компанияның бір бөлігі аукционда 36 млн теңгеге сатылды

Құлыбаев

Қазақстанда бензин мен дизель отыны бағасы өсуі мүмкін

Бензин, дизель

Ер адам мемлекеттен үй алу үшін кезегін 30 жыл күткен

кілт

Ақылы жолдарда лазерлер орнатыла бастады: ол не үшін қажет?

Лазер