USD
USD
USD

Жемдік астық сатып алуға 20 млрд теңге бөлінді

Азық-түлік келісімшарт корпорациясы жемдік астықты тоннасына 117 мың теңгеден сатты.

Жемдік астық сатып алуға 20 млрд теңге бөлінді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Азық-түлік корпорациясының жарғылық капиталын ұлғайтуға, құс және мал шаруашылықтары үшін арзандатылған бағамен 200 мың тонна көлемінде жемдік астық сатып алуға республикалық бюджеттен 20 млрд теңге бөлінді», – деп атап өткен Ауыл шаруашылығы министрлігінің ҚазАқпаратқа берген мәліметінде.

Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта Азық-түлік корпорациясы еліміздегі құс өсіруші шаруашылықтарына тоннасына 117 мың теңгеден 22 мың тоннадан астам жемдік астық сатты.

«Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді егін мен мал шығынынан қорғау үшін агроөнеркәсіптік кешенді ерікті сақтандыру жүйесі жұмыс істейді, оның операторы ретінде «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ бекітілген. Осы жүйе аясында сақтандыру ақыларының 50% субсидиялау жүзеге асырылады», – деп аталып өткен министрлік хабарламасында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жалпы жаздық егіс 23 млн гектарға жоспарланған. Оның ішінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар – 15,8 млн гектар, майлы дақылдар – 2,9 млн гектар, көкөніс-бақша дақылдары мен картоп – 475,5 мың гектар, жем-шөп дақылдары 3,7 млн гектар аумақты қамтиды.

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов

ШҚО тұрғындарын өзен суының түсі алаңдатып отыр

өзен

Hyundai, Kia және Geely сатылымы құлдырады: қытайлық көліктерге сұраныс артты

Changan

Алматы әкімдігі «Family Park-тің орнына тұрғын үй кешені салынады» деген сыбысқа жауап берді

Family Park