USD
USD
USD

Жем өзеніндегі су деңгейі төмендеп жатыр

Құлсары қаласында 4-сәуірден бастап төтенше жағдай жарияланған. Әзірге 2500-ге жуық құрылыс нысандары су астында қалып тұр.

Жем өзені
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Жем өзеніндегі судың деңгейі тәулігіне 10-12 см-ге төмендеп жатыр. 221 үй мен басқа да нысандардан су кеткен. 3064 адам, 222 техника, 12 жүзу құралы, 36 бірлік мотопомпа, 2 су ағызу стансасы жұмылдырылды. Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ресми өкілі Айсұлу Келдіғалиева ОКҚ брифингінде осылай деді.

«36 738 тұрғын, оның ішінде 8392 бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды. ТЖД күштерімен 12 мыңнан астам бас мал қауіпсіз жерге шығарылды. Қауырт желіге 224 қоңырау келіп түсті. 16 абонентке психологиялық қолдау көрсетілді. Жылыой ауданында авариялық-құтқару жұмыстары тәулік бойы жалғасуда. Бөгеттерді нығайту, су тарту жұмыстары күшейтілген режимде жүргізіліп жатыр», - деді спикер.

Қазір оқып жатыр

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж

Кувейтте ауруханаға түскен қазақстандық бортсерікке консулдық көмек көрсетіліп жатыр – СІМ

Қазақстандық бортсерік