USD
USD
USD

Желтоқсаншыларға құрмет көрсетілді

Тәуелсіздік күніне орай Оралда желтоқсаншыларға құрмет көрсетілді. Оларды алдымен қала әкімі қабылдап, сый-сыяпат табыстады, деп хабарлайды 24.kz.

Желтоқсаншыларға құрмет көрсетілді
Фото: NEGE.kz

Орал, NEGE. 1986 жылы әміршіл кеңес билігіне қарсы шыққан қазақ жастары қаһарлы күндердің келбетін әлі ұмытпады. Желтоқсаншылар мазмұнды кездесуде өз естеліктерімен бөлісіп, тәуелсіздік пен бейбітшіліктің мән-маңызына тоқталды. Өңірде аталған көтеріліс куәгерлерінің бастамасымен «Батыс Желтоқсан» қоғамдық бірлестігі құрылған. Ұйым құрамында 70-ге жуық адам бар. Олар желтоқсан оқиғасына қатысты ғылыми жұмыстармен, сонымен қатар жас ұрпақты елжандылыққа баулу шараларымен айналысады.

Шоқан Машанов, Желтоқсан көтерілісіне қатысушы:

- Бұрын айтылды да, қалды жабулы қазан. Енді жаңа-жаңа құрылып, жаңа жұмыс істеле бастады. 1998 жылы ақталғанмын. Менің статусым - «жаппай саяси қуғын-сүргін азаматы». Бүгінгі күні облыс көлемінде, қалаларда, ауылдарда егемендікке қатысты, соған қосымша желтоқсан көтерілісіне байланысты үлкен шаралар өтіп жатыр.

Сонымен қатар дәл осы күні қалада зиялы қауым мен билік өкілдері, белсенді жастар ақын Жұбан Молдағалиевтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті.

Қазір оқып жатыр

Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала отырған арбаның үстіне құлаған

.

Қазақстанда «миллион пәтер тегін беріледі» деген жалған видео тарады

.

Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім берді

Ақмарал Әлназарова

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.