USD
USD
USD

Желтоқсаншылар мерекемен құттықтады

Желтоқсан көтерілісіне қатысушылар Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Желтоқсаншылар мерекемен құттықтады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 1986 жылы Желтоқсан оқиғасына қатысқандар мен зиялы қауым өкілдері алматылықтарды ел Тәуелсіздігі күнімен құттықтады. М.Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрының актері, «Құрмет» орденінің иегері Үсіпхан Сейтімбет қала тұрғындарын құттықтап, бәріне амандық тіледі.

«Тәуелсіздігіміздің 29 жылдығымен құттықтаймыз! Келесі жылы 30 жылдығын атап өтеміз. Осы мерекеде еліміз өркендей берсін дегім келеді. Дана халқымызда «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген сөз бар. Сондықтан жаңаны тануға ұмтылатын ақылды жастарымыз көбейе берсе деймін. Ел болашағы жастардың қолында!», - деді Үсіпхан Сейтімбет. 

Жазушылар одағының мүшесі, ақын Аманғазы Кәріпжан да өз құттықтауында жастар жағына мән берді.

«Баршаңызды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Бұл мереке бәрімізге зор қуаныш әкелсін. Бізге азаттық пен бірлікті сыйлаған бұл күн бәрімізді біріктіре түсіп, еліміздің одан әрі гүлденуіне қызмет етсін. Жастарға олардың ең жақсы деңгейде білім алуын, еліміздің болашақ стратегиялық жоспарларына үлес қосуын, мықты, ақылды, жан-жақты болуын, өткенді біліп, құрметтеуін, ана тілін және әлемнің басқа да тілдерін білуін, өз елінің ұлы азаматтары болуын және әрқашан мейірімді әрі адал болуын тілеймін!» - деген ақын алматылықтарды құттықтады. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін еліміздің Тәуелсіздік күніне орай Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен шаһардың солтүстік бөлігінде «Желтоқсан» саябағы ашылды. Бұл шешімді Желтоқсан оқиғасының қатысушылары оң қабылдады.

Қазір оқып жатыр

Түркістан облысындағы ауылдарда сел жүріп, тұрғын үйлер мен қора-жайларды су басты

Сел

Ресейден 2,1 млн вакцина жеткізілмек: Қазақстанда тұмауға қарсы екпе басталды

Дәрігер

Лауазымды адамдар «Семей орманында» ағашты заңсыз кесу схемасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Ағаш тиеген жүк көлігі

Александр Лукашенко қазақтар мен белорустарды «қан байланыстырған жақын халықтар» деп атады

Олжас Бектенов, Александр Лукашенко