USD
USD
USD

Желтоқсанда жоғалған 16 жасар қыз елордадан табылды

  Қызылорда облысында желтоқсан айында жоғалған 16 жастағы қыз елордадан табылды. 

Желтоқсанда жоғалған 16 жасар қыз елордадан табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өткен жылдың желтоқсан айында Қызылорда қаласының тұрғыны тарапынан 16 жастағы қызының үйінен сабаққа шығып, қайта оралмағаны жөнінде хабарлама түскен. Облыстық полиция департаментінің жеке құрамы іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде ювеналды полицейлер жасөспірім қыздың елордада жүргенін анықтады. Ол елордалық әріптестерінің көмегімен кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылған. «Былтыр кәмелетке толмағандар арасында хабар-ошарсыз кетудің 84 дерегі тіркелді. Оның барлығы ата-анасына аман-есен тапсырылды. Осыған орай полиция қызметкерлері ата-аналарға балаларына деген бақылауды және жауапкершілікті күшейтуді сұрайды», - деді Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан. Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада полиция киімін киген жұмысшының кім екені анықталды.

Қазір оқып жатыр

«Қазақ еліне +1 миллиардер»: Алекс Машрабов Қазақстан азаматтығын алды

Мәдиев, Машрабов

«20 млн теңге ұсынды»: Павлодарда қаза болған кәсіпкердің анасы тергеудің әділ жүргізілуін талап етеді

Икрам Нұрмашов

Көктасжал кен орнына кім иелік еткен? Altyndara дауға жауап берді

Кен өндірісі

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым