7 Желтоқсан 14:02
...

Желтоқсанда қандай фильмдер көреміз?

Фото:

Киносүйер қауым үшін жағымды жаңалық! Жаңа жылға дейін еліміздің барлық кинотеатрында бірнеше фильмнің тұсауы кесілмек. Отандық кинотуындылардың өсуіне септігімді тигіземін десеңіз, таңдау өзіңізде. Назарларыңызға су жаңа фильмдердің тізімін ұсынамыз.

1. Тоқтар шайқасы / The Current War / Война токов  

Сурет: instagram.com

Фильмде XIX ғасырдың соңындағы Америка суреттеледі. Танымал актерлер Кэтрин Уотерстон, Том Холланд, Бенедикт Камбербэтч, Николас Холт, Майкл Шеннон, Таппенс Мидлтон, Мэттью Макфэдиен басты рөлдерді сомдап шыққан.  Фильмнің сюжеттік желісі атақты өнертапқыштар Томас Эдисон мен Джордж Вестингауз арасындағы бәсекемен өрбиді. Олар әлемге «жарық көзін» сыйлайтын құрылғы ойлап табу үшін жанталасады. Томас жеңіске жету үшін кез келген әдіске барады. Дегенмен, бұл екеуіне де жаңа қарсылас пайда болады. Ол - серб ғалымы Никола Тесла. Қай өнертапқыштың бағы жанбақ? Оны 5 желтоқсаннан бастап еліміздің барлық кинотеатрларынан көре аласыздар.

5 желтоқсаннан бастап еліміздің барлық кинотеатрында көрсетіледі.

 

2.  Екеуге арналған мереке / Last Christmas / Рождество на двоих

Сурет: instagram.com

Бұл фильмде бас кейіпкерді «Тақтар ойыны» телехикаясы арқылы көрермен ықыласына бөленген Эмилия Кларк сомдаса, ғашық жігіттің рөлін «Ессіз бай азиялықтар» фильмімен танымал Генри Холдинг ойнайды. Фильм күнделікті күйбең тіршіліктен жалыққан, бір сарынды өмір сүріп жатқан Кейт есімді бойжеткен туралы. Ол Рождество қарсаңында Том есімді жігітті кездестіреді. Су жаңа туынды 5 желтоқсаннан бастап көрермендерге жол тартты.

5 желтоқсаннан бастап еліміздің барлық кинотеатрында көрсетіледі.

 

3. 21 көпір / 21 Bridges / 21 мост

Сурет: instagram.com

Фильмнің оқиға желісі бойынша, бас кейіпкер Манхэттенде ұрлық жасау кезінде 8 полиция қызметкерін аяусыз өлтірген қарақшылардың ізіне түседі. Оның аяғынан шалуға тырысатындар да кездеседі. Бірақ, қылмыскерлер ешқайда қаша алмайды. Өйткені, тарихта алғаш рет полиция Нью-Йорктен шығатын барлық жолды жауып тастаған. Соның ішінде 21 көпір де бар. Басты рөлдерді Чедвик Боузман, Сиенна Миллер, Тейлор Китч, Дж.К. Симмонс сомдайды.

5 желтоқсаннан бастап еліміздің барлық кинотеатрында көрсетіледі.

 

4. Жетімдер Бруклині / Motherless Brooklyn / Сиротский Бруклин 

Сурет: instagram.com

Туретт синдромына шалдыққан детектив Лайонел Эссрог өзінің әріптесі әрі досы Фрэнк Миннің беймәлім өлімін зерттеуге тырысады. Оның қолында аздаған деректер ғана бар. Толық айғақ табу үшін ол өмірін қауіпке тігеді.

5 желтоқсаннан бастап еліміздің барлық кинотеатрында көрсетіледі.

 

5. Жарыс / Гонка 

Сурет: instagram.com

Отандық кинотуындыда тағдыр тәлкегіне ұшыраған Жанель есімді бойжеткеннің өмірі көрсетіледі. Анасы туа салысымен одан бас тартса, әкесі оның бұл өмірде барынан хабарсыз. Ол қатыгез көше тәртібімен өмір сүруге мәжбүр болады. Бас кейіпкер мен оның сүйіктісі бірнеше жыл бойына көшеде ұйымдастырылатын заңсыз көлік жарысына қатысады. Көпшілік бұл жұпты үздік шумахерлер деп санағанымен, оларды мойындағысы келмейтін, кедергі  жасайтын кейіпкерлер де кездеседі.

5 желтоқсаннан бастап еліміздің барлық кинотеатрында көрсетіледі.

 

6.  Жыртқыш / Biseuteu/ Зверь 

Сурет: instagram.com

Бұл фильмнің басты кейіпкерлері - бәсекелес детективтер. Дегенмен, бұл жолы олар қылмыскерді ұстау үшін бірге қызмет етуге мәжбүр.

5 желтоқсаннан бастап еліміздің барлық кинотеатрында көрсетіледі.

 

7. Үй /Пароль: Хаус. 

Сурет: instagram.com

Фильмнің желісі бойынша, Рафа мен Люсия өз достарын қала сыртында орналасан үйлеріне қонаққа шақырады. Кешкі ас кезінде Рафаның достарынының бірі интернет желісінен жасырын бір құжаттарды жүктегенін және оны телефонға көшіру арқылы болашақты көруге болатынын айтады. Олар қауіпті ойынды бір рет өз көздерімен көруге шешім қабылдайды. Бірақ, бәрі олар ойлағандай оңай бола ма?.. 

5 желтоқсаннан бастап еліміздің барлық кинотеатрында көрсетіледі.

 

8. Хайп ұстаған ата / Аташка на хайпе

Сурет: instagram.com

Отандық фильмнің бас кейіпкері – университ профессоры. Студенттердің біріне жұрт алдында сөйлегені үшін оны жұмыстан шығарып жібереді. Басшылық оны тым қатыгезсің деп жазғырады. Далада қалған ол енді нені ермек етерін білмей дал болады. Ойламаған жерден оның университеттегі видеосы желіде танымал болғанын біледі. Болашақта не күтіп тұрғанын сезбесе де, ол оның еш қиындықсыз жақсы жаққа өзгертуге заманауи технологияның ғана қауқары барын түсінеді.

12 желтоқсаннан бастап еліміздің барлық кинотеатрында көрсетіледі.

 

9. Азат /El Freeman/ Свободный

Отандық фильмнің сюжеттік желісі бойынша, Америка билігінен қашып жүрген иммигрант Эл  Лос-Анджелесте көлікте өмір сүреді, жүк тасушы болып қызмет етеді. Досы Артурмен бірге кілттердің көшірмесін жасап, бұрынғы тапсырыс берушілердің үйін тонауға кіріседі. Ұрлық кезінде бай қартты кездейсоқ жолықтырады. Эл мен Артурды қандай жаза күтіп тұр? Олардың тағдыры не болмақ?

12 желтоқсаннан бастап еліміздің барлық кинотеатрында көрсетіледі.

 

10. Джуманджи: жаңа деңгей /Jumanji: The Next Level/ Джуманджи: Новый уровень

Сурет: instagram.com

Фильмде ойында қалып қойған достарын құтқару үшін олар ойынға қайта оралады. Өкінішке қарай, Джуманджи ойынының ережелері өзгеріп кетеді. Енді олар қайтадан күресуге, ойын ережесімен қайта танысуға мәжбүр.

12 желтоқсаннан бастап еліміздің барлық кинотеатрында көрсетіледі.

 

11. Жолсерік /Yol Arkadasim/ Попутчики 

Сурет: instagram.com

Фильмнің басты кейіпкерінің бірі Онур – дәрілік заттардың дистрибьюторі. Оның үш мақсаты бар: бірі - өзінің сүйіктісінің отбасымен танысу, жұмысқа қай оралу. Онур жолға шығарда Шереф деген белгісіз адаммен танысады. Оларды жол бойында шытырман оқиға күтіп тұр.

19 желтоқсаннан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіледі.

 

12. Жұлдызды шайқас: Скайуокер даңқы /Star Wars: The Rise of Skywalker/ Звёздные Войны: Скайуокер. Восход 

Сурет: instagram.com

Скайуокер әулетінің оқиғасын аяқтап, алдыңы бөлімдердегі барлық сұрақтың жауабын осы фильмнен біле аласыздар.

19 желтоқсаннан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіледі.

 

13. Тылсым мұра / Паранормальное наследство 

Сурет: instagram.com

Отандық кинотуындының сюжеттік желісі бойынша, басты кейіпкер Мұрагер балалар үйінен кейін лашықта тұрып, көшеде қара жұмыс істеуге мәжбүр болады. Бір күні оған әкесінен қалған мұра туралы ақпаратпен заңгер келеді. Өмірі бір қалыпқа түсе бастағанымен, Мұрагер үйде тылсым күш барын сезеді.

19 желтоқсаннан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіледі.

 

14. Off-line демалыс 2 / Каникулы off-line 2 

Сурет: instagram.com

Фильмнің басты кейіпкері Қайрат инвесторлардан ұсыныс қабылдап, ірі холдингте басшылық жұмысқа орналасады. Ал оның бастамасымен ашылған «Ауылкемп» балалар лагері Дастан мен Болатқа қалады.

26 желтоқсаннан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіледі.

 

15. Кореядағы қазақша бизнес / Бизнес по-казахски в Корее

Сурет: instagram.com

Жомарт Канатұлының қонақ үйінде халықаралық компанияның конференциясы өтеді деп жоспарланады. Бұл жолы олар ойлап тапқан жаңа технологияны құрметті қонақтарға көрсетпек. Бақдаулет ақымақтықпен тұтынушының қымбат роботын сындырып алады. Жөндеу жұмысы тек Сеулде жасалады. Бас кейіпкерлер Оңтүстік Кореяға аттанады. Келеңсіз жайттардан қашу үшін олар Еркошты Қазақстанда қалдырып кетеді. 

26 желтоқсаннан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіледі.

Nege.kz

Тегтер: