Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Желтоқсан айында ауа райы қандай болады?

Қазгидромет кәсіпорны желтоқсан айына арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Желтоқсан айында ауа райы қандай болады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Желтоқсанның бірінші онкүндігінің басында және соңында республиканың солтүстік бөлігінде, орталығында және шығысында кей жерлерде қар жауады, бұрқасын соғады. Ауа температурасының негізгі фоны түнде -23-28°С, күндіз -12-20°С болады. Онкүндіктің соңында түнде -13-23°С дейін, күндіз -5-13°С дейін аяздың әлсіреуі болжанады.

Еліміздің батысында антициклондық ауа райы басым, көбінесе жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ауа температурасы түнде -15-25°С, күндіз -7-15°С шамасында болады. Бірінші онкүндіктің соңында фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауып, жел күшейеді, ауа температурасы түнде -9-15°С, күндіз 0, -5°С дейін көтеріледі. Қазақстанның оңтүстік-батысында түнде -2-10°С тан -8-16°С дейін, күндіз -2+3°С тан -3-8°С-қа дейін температураның ауытқуы болжанады.

Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында онкүндіктің басында және соңында жауын-шашын жауады, онкүндіктің басында тау және тау бөктерлі аудандарда қатты жауын-шашын жауады, көбінесе қар түрінде. Тұман, көктайғақ және желдің күшеюі болжанады. Ауа температурасы түнде -5-13°С-тан -10-20°С-қа дейін, күндіз -5+5°С-тан -8-13°С-қа дейін төмендейді.

Сонымен қатар, республиканың солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде желтоқсан айының ортасында термометр бағанасы түнгі сағаттарда -22-30°С-қа дейін, күндіз -10-18°С-қа дейін төмендейді;

Қазақстанның батысында екінші онкүндіктің басында және соңында ауа температурасы түнде -10-18°С, күндіз -5-13°С-қа дейін айтарлықтай төмендейді;

елдің оңтүстік бөлігінде екінші онкүндіктің ортасында ауа температурасы түнде -10-20°С-қа дейін, күндіз -5-13°С-қа дейін төмендейді.

Айдың соңында Қазақстанның барлық аумағында аяздың әлсіреуі күтіледі.

Қазір оқып жатыр

Жеке вилла болмайды: Көк-Жайлаудағы Almaty SuperSki жобасының жай-жапсары

 Kazakh Tourism Development

KEGOC желілері бойынша электрмен жабдықтау толық қалпына келтірілді

жарық

Өзбекстанның да бірқатар облысында жарық өшті

жарық

Жетісудан Батыс Қазақстанға дейін: 13 тамызда партиялар өңірлерде қандай жұмыстар атқарды

Құрылтай сайлауы