Желтоқсан ғажайыптары: Forte бонустар шеруін ұсынады
ForteBank клиенттері «Бонустар шеруі» акциясы аясында желтоқсан айы бойы төлем карталары арқылы көбірек бонус жинай алады.
ForteBank «Бонустар шеруі» акциясын бастады – желтоқсан айында әр апта сайын клиенттерге жоғарылатылған бонустардың жаңа санаттары ұсынылады. Акцияға Black, Blue, Travel, Балалар картасы және Solo төлем карталары қатысады.
Forte қосымшасында апта сайын бес жаңа бонус санаты ұсынылады, клиенттер олардың ішінен екеуін таңдай алады. Апта басында клиенттердің алдыңғы аптада таңдаған санаттары автоматты түрде жойылады. Жаңа санаттарды таңдау арқылы көбірек бонус алуға мүмкіндік бар.
Апта бойынша бонус санаттары:
1-апта (1-8 желтоқсан) – Такси санаты (Yandex және Uber) – 10%, сонымен қатар Wildberries, OZON, Temu, Aliexpress-те сатып алу үшін 5%, кафелер мен мейрамханалар үшін 5%, супермаркеттер үшін 3%;
2-апта (9-15 желтоқсан) ForteMarket дүкенінен сатып алу үшін 15%, зергерлік дүкендерде 10%, киім мен аяқ киімге 5%, кафелер мен мейрамханаларға бару үшін 5% бонус ала аласыз;
3-апта (16-22 желтоқсан) iHerb бойынша тапсырыстар үшін 15%, Таксиге 10%, кафелер мен мейрамханаларға 5% және тұрмыстық техникаға 5% бонустар беріледі;
4-апта (23-31 желтоқсан) Meloman және Marwin төлемдері үшін 15%, сұлулық және күтім қызметтері үшін 10%, Такси үшін 10% және кафелер мен мейрамханалар үшін 5% бонус беріледі.
Жоғары бонустарды Apple Pay/Samsung Pay/Google Pay арқылы төлем жасайтын клиенттер ала алады. Black, Blue, Travel және Балалар карталарында айына ең көбі 30 000 бонус және Solo картасында 50 000 бонусқа дейін алуға болады. Күн сайын 10 000 бонус ала аласыз. Бонустар транзакция өңделгеннен кейін шамамен 3-4 күннен кейін есептеледі.
Бонустар санын көбейткісі келетін клиенттер үшін банк келесі лайфхактарды ұсынады:
1. Егер Forte карталарындағы (Black, Blue, Балалар картасы) орташа күндік қалдық 60 000 теңге болса, таңдалған санаттарға тағы 1% қосылады.
2. Forte карталарына жалақы алатын және 1,5 млн теңге депозиті бар клиенттер қосымша 1% алады.
Төлем карталарын Forte мобильді қосымшасында немесе Қазақстан бойынша банк бөлімшелерінде ашуға болады.
ҚНРДА 03.02.2020 ж. «ForteBank» АҚ-ға берген №1.2.29/197/36 лицензиясы.