USD
USD
USD

Тәжікстан президентіне қастандық жасалды

Нилуфар Азиз есімді тәжікстандық журналист Facebook желісіндегі парақшасында 12 минуттық "Дурбини ҳақиқат" ("Шындық камерасы") деректі фильмін бөлісті. Фильмде Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонға жасалған қастандық таспаланған, - деп хабарлайды "Ахбор". 

Тәжікстан президентіне қастандық жасалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Басылым мәліметінше, бұл кадрлар алғаш рет жарияланған. Видео президенттің баспасөз қызметінің архивінен және күзет қызметінен алынған болуы керек. 

Тәжікстан президентіне қастандық 1997 жылы 30 сәуірде Худжанд қаласындағы Камол атындағы театр алдында жасалған. Қылмыскерлер қару, гранаттар мен жарылғыш заттарды қолданған. 50-ге жуық адам жараланған, оның ішінде президенттің өзі мен елдің кеден басшысы Якуб Салимов та бар. 

Фильм авторының сөзінше, аяғынан жарақат алған Рахмон дәрігерлердің қарауынан кейін жарты сағаттан соң залға оралып, келген қонақтар алдында сөз сөйлеген. 

Президентке қастандық жасады деген айыппен бірнеше адам, оның ішінде, Тайсон лақап атымен белгілі бұрынғы спортшы Хуршед Абдушукуров пен Тәжікстанның бұрынғы премьер-министрі Абдумалик Абдуллоджановтың інісі Абдулло Абдулладжанов та бар. Тайсон қастандық жасаған кезде қайтыс болған, тағы екі адам өлім жазасына кесілген. 

Қазір оқып жатыр

Санжар Боқаев 10 жылға сотталды

бокаев

Ақтөбеде қайтарылған активтер есебінен салынған 300 орындық арнайы балабақша ашылды

Ақтөбе

Семейде жаңа туған сәбиін қоқыс жәшігіне тастаған әке өмір бойына сотталды

сотталған

Күйеуінің қолынан ажал құшқан астаналық тұрғынның анасы соттың ашық өтуін талап етті

Жазира Адауова