USD
USD
USD

Желіде Шөкеев киген шапан талқыланып жатыр

Желіде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркия вице-президенті Фуат Октайға шапан жаппай өзі киіп алған видео тарады.

Желіде Шөкеев киген шапан талқыланып жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Интернетте тараған әуесқой кадрда Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде өткен кездесуде болған қолайсыз жағдай түсіп қалған.

Онда құрметті қонақтың қасында тұрған Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің шапан киіп жатқанын көруге болады. Ал, бұл видео жайында желі қолданушылары «қонаққа кигізетін шапанды Шөкеев өзі киіп алды» деп шуласты.

Осыған байланысты түсінік берген Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ баспасөз қызметі бұл шапанның негізі Шөкеевке кигізілген шапан екендігін айтады.

«Түркия Республикасының вице-президентіне білім мен ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін «Құрметті профессор» академиялық атағы берілді. Ал, Түркия Республикасының вице-президенті Фуат Октай Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің дамуына қосқан үлесі үшін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевке шапан ұсынды»,-делінген оқу орнының баспасөз қызметі берген мәліметте.

Қазір оқып жатыр

«Әділет» партиясы Ақмолада өңірлерді дамыту бағдарламасын таныстырды

.

Daryn.online платформасына жүргізілген тексеру нәтижесінде әкімшілік іс қозғалды

дербес деректің таралуы

Алматы әкімдігінің туристік турнесіне 1 млрд теңгедей бюджет қаражаты жұмсалған

Алматы әкімді

Марқұм Ұлдананың күйеуі өтемақыны қайтаруға міндетті ме – Заңгер жауабы

дәрігер