USD
USD
USD

Желіде «Сергектің» айыппұлын жойып беремін деп жарнама берген адам ұсталды

Әлеуметтік желіде «Сергектің» айыппұлдарын жойып беремін деген жарнама пайда болды.

Желіде «Сергектің» айыппұлын жойып беремін деп жарнама берген адам ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Әлеуметтік желіде «Сергек» автоматтандырылған жүйесі тіркелген жол ережесін бұзу фактілері бойынша тағайындалған айыппұлдарды жою жөнінде хабарлама тарады. Алматы қалалық Полиция департаменті бұл фактіні тексерді.

«Нәтижесінде Алматы қаласының жас тұрғыны анықталып, тергеуге алынды, ол белгілі болғанындай, айыппұлдарды заңды түрде жою бойынша заңгерлік қызмет көрсетумен айналысатын болып шықты. Ер адам түсіндіргендей, мұндай «түсініксіз» жарнамаларды орналастыру арқылы клиенттерді қызықтырып, тартқысы келген», - деді Алматы Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов.

Оның айтуынша, автоматтандырылған жүйе жұмысына адами фактор ықпал ете алмайды.

Қазір оқып жатыр

ДДСҰ Иркутскідегі жағдайға қатысты қауіп деңгейін бағалады

уланған қыз

Құрылтай депутаты Татьяна Савельева мандатын мерзімінен бұрын тоқтатты

Татьяна Савельева

Он ойыншымен қалған Фарер аралдарын Қазақстан құрамасы жеңе алмады

Матч

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы