USD
USD
USD

Желіде хит болған сурет: Кілемде жатқан бала кім?

Костюм-шалбар киген кішкентай баланың ұялы телефонынан көз алмай, оралып тұрған кілемге жатып алған суреті желіде лезде тарап кеткен болатын. Желіде хит болған баланың анасы сұхбат берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Желіде хит болған сурет: Кілемде жатқан бала кім?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Суреттегі баланың аты – Жанасыл. Ал фото Батыс Қазақстан облысының Қазталов ауданындағы Қараөзен аулында түсірілген екен. Жанасылдың өзі әлі мектеп жасына жетпеген, балабақшаға барады. Білім күніне арналған салтанатты шараға ағасымен бірге барғаны белгілі болды.

"Менің тағы бір балам биыл 7-ші сыныпқа ауысты. Жанасыл бізбен бірге барған. Сол кезде шаршадым деп, отырып алып, артынан жатқан ғой. Соны түсіріп алыпты. Кімнің түсіргенін білмеймін. Әйтеуір, жан-жаққа тарап кетті. Ұялы телефоннан не көргенін білмейді екенмін", - дейді анасы Бақытгүл Жақыпова. 

Бақытгүл сол мектепте аспаз болып жұмыс істейді. Жолдасы газ саласының маманы. Ал Жанасыл болашақта құрылысшы боламын дейді.

Жанасыл – үйдің кенжесі. Биыл төртке келді. Ерлі-зайыпты алты бала тәрбиелеп отыр.

"Ең үлкен қызымыз тұрмыста, одан кейінгі балам келін алды. Екі жылдай болып қалды. Үшінші қызым 8-ші сыныпта оқиды. Одан кейінгісі жаңағы 7-ші сыныпта оқиды деген Исламбек, сосын Ерасыл деген баламыз бар. Ол үшінші сыныпқа барды. Сосын кенжеміз - Жанасыл", - дейді Бақытгүл Жақыпова.

Жанасыл барып жүрген балабақша мектептің жанында орналасқан. Оны үлкен ағалары апарып жүреді.

Ал Жанасыл соларға қарап, кешегі шараға костюм киіп барамын деп шыққан екен.

"Иә, ол өзі костюм киіп барғысы келді. Сөйтіп, киіндіріп алып бардық. Олай танымал болады деп ойлаған жоқпыз", - деді анасы.

Қазір оқып жатыр

Екі экс-министрдің арызынан кейін Гүлнар Бажкеноваға айыппұл салынды

Гульнара Бажкенова

«Әділет» партиясы Қазақстанның барлық өңіріндегі филиал басшыларын жасақтады

"Әділет" партиясы

Атырау облысында жеті әкім қоқыс үйіндісі үшін жауапқа тартылды

әкімшілік жаза

Түркістанда жол апатынан полиция капитаны көз жұмды

Бауыржан Қонысбеков