Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Желіде Бас прокуратураның жалған қаулысы тарап жатыр

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде ҚР Бас прокуратурасының фейк қаулысы тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Желіде Бас прокуратураның жалған қаулысы тарап жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Құжатта қазақстандықтар Ресейде есепке қойылған көлігін ҚР аумағында бас сенімхатсыз жүргізуге тыйым салынатыны жазылған. ҚР Бас прокуратурасы бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Желіде Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бас сенімхатсыз ресейлік автокөлікті басқаруға тыйым салу туралы қаулысы тарап жатыр. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Бас прокурор бекіткен құқықтық актілердің мәтіні ресми сайтта жарияланған. Арандатушылыққа бой алдырмауды және тек ресми дереккөздерге сенулеріңізді сұраймыз", - делінген ҚР Бас прокуратурасының ресми хабарламасында.

Stopfake.kz мәліметінше, фейк суретке мұқият қарағанда, онда орта мектептің мөрі қойылғанын байқауға болады. Сондай-ақ, мәтінде құжаттың ҚР ІІМ ресми сайтында жарияланғаны айтылған, бірақ онда ештеңе жоқ.

Құжатта жазылған "Әкімшілік рәсімдер туралы" заңда 60-бап жоқ, олардың саны 25 қана. Сондай-ақ, фейк мәтінінде грамматикалық және стилистикалық қателер көп.

Қазір оқып жатыр

Танымал қазақстандықтар Құрылтай сайлауының қарсаңында «Әділет» партиясына қолдау танытты

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Сот Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуін жәбірленуші мәртебесінде қалдырды

Әділет Зейнел

Журналист Гүлнар Бажкеноваға үкім шықты

Гүлнар Бажкенова

Марқұм Ұлдана Мырзуанның бұрынғы күйеуі жәбірленуші мәртебесінен бас тартпақ

Әділет Зейнел