USD
USD
USD

Желіде балабақшада еденде ұйықтап жатқан балалардың суреті тарады

Маңғыстау облысының әлеуметтік желідегі парақшаларында балабақшада түсірілген фотосурет тарады. Онда кішкентай балалардың еденде ұйықтап жатқанын көруге болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Желіде балабақшада еденде ұйықтап жатқан балалардың суреті тарады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Анықтай келгенде, бұл Ақтау қаласындағы "Бесата" жекеменшік балабақшасы болып шықты.

"Балабақша әкімшілігі түсіндіріп өткендей, олар бұған мәжбүрлі түрде барған және бұл жеке сипаттағы аяқ-асты орын алған жағдай. 5 қыркүйекте тәрбиеші балаларды ұйықтарға жатқызбастан бір сағат бұрын үш төсектің сынғанын анықтайды. Балалардың қауіпсіздігі үшін оларды басқа жерге жатқызуға тура келген. Сол күні жаңа жиһаз сатып алынып, ескісі ауыстырылды", деп аталған жайтқа қатысты Ақтау қаласының білім бөлімі түсінік берді. 

Аталған жекеменшік балабақша биыл көктемде ашылыпты. Ол 50 орынға есептелген.  

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс