USD
USD
USD

Желіде ресейлік бапкерлердің қазақстандық төрешілерді «чукча» деп балағаттап жатқан видеосы тарады

Желіде футболдан Ресей құрамасы бапкерлерінің қазақстандық төрешілерді балағаттап жатқан видеосы тарады. 

ресейлік бапкерлер
Фото: видеодан

Алматы, NEGE. Қазақстаннның Қостанай қаласында футболдан Қазақстан мен Ресей құрамалары арасында кездесу өткен болатын. Футбол лигасы кезінде SD Family және 2Drots командалары жанжалдасып, жұртшылықтың назарын аударған. 

Ресей құрамасының бапкері Дмитрий Кузнецов қазақстандық төрешінің шешіміне көңілі толмайтынын айтып, балағат сөздер айта бастаған. 

Видеода жаттықтырушының: «Маған не көрсетіп жатырсың? Менің бетіме келіп, көрсет. Сен кімсің? Чукча», – деп балағаттап жатқанын көруге болады. 

Видео әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Жанкүйерлер ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін бапкерлерді жауапқа тартуға шақырды.

Қазір оқып жатыр

Қайрат Нұртастың концертіндегі қарбаласта бір қыз ауыр халде ауруханаға жеткізілді

Қайрат

Астанада Ақтөбе облысының 100-ден астам өнерпазы мен креаторы бас қосты

.

Саят Исанов Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды

Арнайы күштер

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау