USD
USD
USD

Желіде Алматы мектептеріне шабуыл жасалатыны туралы хабар тарады

Әлеуметтік желілерде Алматыдағы бірнеше мектепке террористік шабуыл жасалатыны туралы хабарламалар тарады. 

Қоңырау
Фото: pixabay.com

Алматы, NEGE. Хабарламада «2026 жылғы 20 қаңтарда Алматы қаласындағы мектептерде жаппай атыс ұйымдастыру жоспарланып отыр. №6, №18, №157, №144, №134, №166, №156 және №135 мектептер нысанаға алынған» деп жазылған.

Шабуыл
Фото: әлеуметтік желіден

Осы жағдайға байланысты полиция түсініктеме беріп, тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. 

«Жалған ақпарат таратқан тұлғалар Қазақстан заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады. Азаматтарды сабыр сақтауға, дүрбелеңге берілмеуге және тек ресми ақпарат көздеріне, мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының хабарламаларына ғана сенуге шақырамыз. Балалардың қауіпсіздігіне қатысты жалған ақпарат тарату ауыр құқықбұзушылық болып саналады және заң бойынша жауапқа тартылады», – делінген полиция хабарламасында.

Қазір қаладағы барлық білім беру мекемелеріндегі ахуал толық бақылауда, полиция мен өзге де жедел қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Ақпаратты таратқан тұлға іздестіріліп, фейк хабарламаның авторы мен бастапқы көзі анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

12 адам қаза тапқан өрт: «Центр плова Loft» ісі бойынша тергеу аяқталды

дәмхана

Ресей МӨЗ-іне жасалған шабуылдан қазақстандық зауыттың жұмысы тоқтауы мүмкін

Конденсат

2026 салқыны. «Halyk Bank» НЕГЕ құлдырай бастады?

Halyk

Kizdar.net сайтын құрушылар 6 коммерциялық нысан мен қымбат мүліктерге иелік еткен

Kizdar.net