USD
USD
USD

Жел, найзағай, көктайғақ: Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жарияланды

 Ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Жел, найзағай, көктайғақ: Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 29 қыркүйек Солтүстік Қазақстан облысында солтүстік-шығыстан жел соғады. Желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Т үнде облыстың оңтүстік-батысында жел екпіні 25 м/с шамасында. Осы күні Петропавл қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші - 15-20 м/с. 29 қыркүйекте Ақмола облысының солтүстік-батысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде солтүстік-шығыстан секундына 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Түнде Көкшетау қаласында солтүстік - шығыстан соққан желдің қарқыны 15 м/с дейін күшейеді. Күндіз 29 қыркүйекте Қарағанды облысының оңтүстігі мен шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. 29 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысының солтүстік-батысында найзағай жарқылдайды. Батыстан, солтүстік-батыстан күшті жел соғады. Жел жылдамдығы облыстың орталығында 15-20 м/с шамасында болады. 29 қыркүйек күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с жетеді. 29 қыркүйекте Ақтөбе облысында солтүстіктен және солтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қазір оқып жатыр

ДСМ жүргізген тексеруден кейін 78 медициналық ұйым лицензиясынан айырылды

оңалту орталығы

Ташкентте Қарағандыдан барған 15 жас футболшы астан уланды деген күдікпен ауруханаға түсті

Ташкентте ауруханаға түскен жасөспірім

Жұманғарин Алматыдан бизнестің жаппай көшу қаупін жоққа шығарды

салық

«Жалынып, жылауға дейін бардым»: Ақтауда дәрігерге тап берген ер адам өз шындығын айтты

Шанжархан