USD
USD
USD

Желі қолданушы әйелге сурет үшін айыппұл салынды

Атырау тұрғынына 129 мың теңге айыппұл салынды.

діни мазмұндағы сурет
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұған әлеуметтік желідегі сурет себеп болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облыстық сотына сілтеме жасап.

Атыраудың Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі соты ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы бұзу" бойынша істі қарады.

Атырау тұрғыны "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында діни мазмұндағы суретті көпшілікке жариялап, осы бапты бұзған.

"А-ның кінәсі сот отырысында зерттелген іс материалдары, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама, сарапшының қорытындысы, әңгімелесу хаттамасымен расталды", - делінген сотта.

Әйелге 129 мың 220 теңге айыппұл салынды. Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Қазір оқып жатыр

Астанада қоғамдық көліктегі жолақы 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

Автобус

Қызылорда облысында сот төрағасы мен судья 9 жылға сотталды

Бұрынғы сот төрағасы

Тоқаев экс-министр Азамат Есқараевты Үндістаннан алдырып, жаңа қызметке тағайындады

Азамат Есқараев

Қазақстан Қарулы күштері Бас штабына жаңа басшы тағайындалды

Атқұрман Омарбеков