USD
USD
USD

Жексенбіге арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет 23 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Жексенбіге арналған ауа райы болжамы
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ҚР территориясының басым бөлігіне антициклон өз әсерін сақтайды. Тек еліміздің батысында, оңтүстігінде және орталығында фронталды бөліктер жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын әкеледі.

Сондай-ақ олармен бірге желдің күшеюі және көктайғақ күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, Павлодар облысының оңтүстігінде, Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы ауданндарында, Қызылорда облысының орталығында, түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Атырау облысының батысында, Маңғыстау облысының батысында, орталығында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында көктайғақ, тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында тұман күтіледі, күндіз оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті