USD
USD
USD

Жексенбіге арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет 11 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынады.

Жексенбіге арналған ауа райы болжамы
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Республиканың басым бөлігіне антициклон жотасының ықпал етуіне байланысты, жауын-шашынсыз ауа райы сақталынады. Тек оңтүстікте, шығыста және орталықта фронталды бөлімдердің өтуіне байланысты құбырмалы ауа райы болып, кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Кей жерлерде тұман, найзағай, бұршақ, желдің күшеюі, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі. Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, желдің шаңды дауылмен 15-20, екпіні 23 м/с күшеюі күтіледі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, күндіз найзағай, кей жерлерде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, түнде және таңертең желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарында шаңды дауыл соғады.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Күндіз Қарағанды облысында екпіні 25 м/с жел соғады. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Қазір оқып жатыр

Автомектептерге қойылатын талаптар күшейтілмек: қандай өзгеріс енгізіледі?

Автомектеп

Әлемде жанармай тапшылығына байланысты мыңдаған әуе рейсі тоқтатылып жатыр

Әуежай

Қазақстанда такси қызметіне қойылатын талап күшейтілді

такси

Нұрлыбек Нәлібаев Роман Склярдың орнына премьер-министрдің бірінші орынбасары болды

Нәлібаев