USD
USD
USD

Жексенбіде сауда орындары жұмыс істей ме?

Елордада жексенбіде ОСО-лардың жұмыс істеуіне рұқсат берілді. Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова жариялаған жаңа қаулыда осылай делінген. 

Жексенбіде сауда орындары жұмыс істей ме?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда орталықтарының жұмысы (бір келушіге 4 м2 есебінен жобалық қуаттың 30%-нан аспайтын толымдылығын сақтаған кезде, рекреация аймақтарында және демалыс аралдарында сатып алушылардың болуын қоспағанда, осы Қаулыда белгіленген жұмыс уақыты өткеннен кейін сатып алушылардың сауда залында болуына тыйым салумен жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесін сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін белгілей отырып) ұйымдастырылады. Бұл ретте көрсетілген объектілерде және олардың аумақтарында орналасқан аттракциондардың, балалардың ойын алаңдарының, мұзды және роликті сырғанақтардың, ойын орталықтарының жұмысына қатаң тыйым салынады. Фудкорттардың жұмысы өздігінен алып кетуді қоспағанда, курьерлік жеткізуге ғана рұқсат етіледі. Акциялардың, жәрмеңкелердің, шоурумдардың, ұтыс ойындарының әртүрлі түрлерін өткізуге тыйым салынады (онлайн форматтан басқа)», – делінген қаулыда.  

Еске сала кетсек Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова тұрғындар арасында коронавирус инфекциясының тіркелуінің төмендеуін ескере отырып, жаңа қаулы жариялаған болатын.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

.

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

.

Теңіздегі тексеріс: 27 шетел азаматы елден шығарылды

.

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

.