USD
USD
USD

Жексенбіде күн жаңбырлы болады

Қазгидромет мамандары 9 сәуір, жексенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жексенбіде күн жаңбырлы болады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Республика аумағының басым бөлігі атмосфералық фронттардың ықпалында болады.

Осыған байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауады.

Еліміздің оңтүстік-батысында қатты жаңбыр, Қазақстанның шығысында, оңтүстік-шығысында таулы аудандарда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады.

Оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында кейде нөсер жаңбыр жауады.

Қазақстанның тек солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында жауын-шашын болмайды.

Республика бойынша жел күшейеді, солтүстік пен шығыста – тұман, оңтүстікте, оңтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста – найзағай жарқылдайды.

Алматы және Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Маңғыстау облысында да қатты жаңбыр жауады.

Жетісу облысында түнде 2 градус үсік сақталады.

Қазір оқып жатыр

Халық кеңесін құруға бюджеттен 1,7 млрд теңге бөлінбек: қаражат қайда жұмсалады?

Ақша

Ұлттық қор активін 100 млрд долларға жеткізу мерзімі кешеуілдеуі мүмкін: себебі неде?

Тиындар

eGov-та шұғыл ауруханаға түскенде жақындарыңды хабардар ететін қызмет іске қосылды

eGov

ШҚО-да әйел адамды өлтірді деген күдікпен оқушы ұсталды

Кісен