USD
USD
USD

Қай өңірлерде күн бұзылады?

Қазгидромет мамандары 28 мамыр, жексенбіде ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қай өңірлерде күн бұзылады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай жарқылдайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл маңында екпіні - 15-20, күндіз - 23-28 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз жел қарқыны облыстың көп бөлігінде 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні - 15-20 м/с. 28-29 мамырда облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді. 28-29 мамырда облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Абай облысының солтүстігінде, орталығында солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күші - 15-20 м/с. Абай облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл тұрады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Павлодар облысының оңтүстік-шығысында солтүстіктен жел соғады, екпіні - 18 м/с. Облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде - найзағай, күндіз бұршақ жауады. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда найзағай жарқылдайды. Найзағай кезінде солтүстік-шығыс желінің екпіні 15-20 м/с болады.

Алматы қаласында кей уақытта күн күркірейді, найзағай кезінде жел екпіні - 15 м/с.

28 мамыр таңертең және күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, орталығында найзағай жарқылдайды. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде жел қарқыны - 15-20 м/с. Түнде облыстың шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.

Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында шығыстан жел соғады, күші - 15-20 м/с жетеді.

Қазір оқып жатыр

Роналду рекорд орнатқан ойында Португалия Өзбекстанды ойсырата жеңді

.

«Ауылда» да төраға ауысты: Егізбаев орнын босатты

.

Оңтүстікте жұмыс уақытында құмар ойын ойнаған шенеуніктер қызметінен қуылды

.

26 маусымда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Парламент