USD
USD
USD

Жексенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауыл тұрып, аптап ыстық болатыны болжанды

10 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласы мен еліміздің тоғыз облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жексенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауыл тұрып, аптап ыстық болатыны болжанды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Синоптиктер Нұр-Сұлтанда күндіз найзағай ойнайды деп болжайды. Күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі. Облыстың солтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында +35°C дейін қатты ыстық болады.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай ойнайды.

Күндіз Қостанай облысының оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысының басым бөлігінде және Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күн күркіреген кездегі екпіні 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Атырау облысында қатты ыстық: +37°C. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда күндіз қатты ыстық: +35...+37°C.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. 10-11 шілдеде солтүстік-батыстан жел соғады, таулы аудандарда соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қазір оқып жатыр

Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды

Арман Шораев

«Діндарларды қорлады»: Баян Алагөзова дін туралы айтқан пікірі үшін кешірім сұрады

Баян Алагөзова

Дастан Сәтпаев уақытша «Челсиге» оралды

Дастан Сәтбаев

Қазақстанда автонесиелеуге сұраныс төмендеген: қаржыгерлер себебін түсіндірді

автонесиелеу