USD
USD
USD

Жекеменшік университеттерде студенттер саны артқан

Ж

Жекеменшік университеттерде студенттер саны артқан
Фото: NEGE.kz

екеменшік университеттерде білім алушылар саны жыл сайын өсіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нұр-Сұлтан, NEGE. Мәселен, 2016-2020 жылдар аралығындағы өсім көрсеткіші шамамен 54%. Атап айтқанда, контингенті ең көп жекеменшік жоғары оқу орындары Шымкент қаласында орналасқан. Мысалы, Шымкент университетінің өзінде 15527 студент білім алады. Артынша Қазақстан инженерлік-педагогикалық Халықтар достығы университетінде 12 мың 717 және «SilkWay» университетінде 9 мың 320 студент. Бүгін бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың жоғары оқу орындары басшыларымен өткен кездесуінде айтылды. Жиын барысында білім саласындағы сапаны арттыру жайлы сөз болды. Айта кеткен жөн, қазіргі уақытта елімізде жалпы 127 жоғары оқу орны бар, оның ішінде 70-і жекеменшік. Жалпы білім алушылардың саны 624 мыңнан асты. Қазіргі уақытта жоғары оқу орындарының 55%-і жекеменшік ұйымдар. Оларда 391 мың 309 адам білім алып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында колледждің 45 студенті оқудан шығарылып, директоры жұмыстан босатылды

Қазақстан агротехникалық колледжі

Гаухар Қаппарова Хорватияның Алматыдағы құрметті консулы болып тағайындалды

Гаухар Қаппарова

Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекетінің бірі алты айға жабылады

Өткізу бекеті

Жетісу облысында полицейлер жүк көлігіндегі 38 жылқыны тірідей жанып кетуден құтқарып қалды

Полицейдің жылқыларды құтқару сәті