USD
USD
USD

Жеке меншіктегі газ желілері «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ балансына берілді

Түрксіб ауданы прокуратурасының үйлестіруі нәтижесінде Қайрат шағын ауданында орналасқан ұзындығы 10 мың метрден асатын газ құбыры трассасын жеке меншіктен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның балансына беру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жеке меншіктегі газ желілері «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ балансына берілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ведомство өкілдерінің мәліметінше, тұрғындар арасында наразылық тудырған соңғы кездегі газдың жиі іркілістері мен сөндірілуі салдарынан мемлекеттік органдарға шағымдар жиілеген.

Тек биылдың өзінде аталған учаскеде газ беруде 12 іркіліс тіркелген. Түрксіб ауданының прокуратурасы желілердің жеке меншікте болғандықтан, жергілікті атқарушы органдардың жағдайға жедел ықпал ете алмауы салдарынан мәселені шешуде қиындық тудырғанын анықтады, – делінген хабарламада.

Газдың әлсіз берілуіне ЖШС (газ желілеріне қызмет көрсеткен) өзінің тікелей міндеттерін сапасыз орындауы, авариялық-диспетчерлік және қызмет көрсету қызметінің болмауы себеп болды.

Тараптардың келісімі бойынша және шағын аудан тұрғындарының тілектерін ескере отырып, желілер «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ балансына беріліп, осы мәселені шешуге мүмкіндік берді.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс