Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Жеке көліктен бас тартқандарға 4,2 мың доллар беріледі

The Times 

Жеке көліктен бас тартқандарға 4,2 мың доллар беріледі
Фото: NEGE.kz

Ұлыбритания билігі қоршаған ортаны барынша ластайтын автомобильдердің иелері көліктерінен бас тартып, қоғамдық көлік, велосипед, электроскутер, каршеринг немесе такси қызметі пайдаланатын болса, онда оларға 3 мың фунт стерлинг (4,2 мың доллар) төлемек. Бұл жайында  газеті хабарлайды.

Алматы, NEGE. Ел Үкіметінің қолдауымен жолдардағы кептелісті қысқарту және ауа сапасын жақсартуға бағытталған ілкі жоба осы жылдың көктемінде Ковентри қаласында басталмақ. Өтемақы 2006 жылдан 2016 жылға дейін конвейерден шыққан дизельді және бензинді қозғалтқышы бар автомобиль иелеріне ұсынылады. Бағдарлама 2 жылға есептеліп отыр. Аталған мерзім аяқталған соң оның тиімділігіне баға беріледі.

Біріккен Корольдіктің Көлік министрлігі ұсынған мәліметке сәйкес, 2019 жылы британдықтар көліктерімен 574 млрд шақырым жол жүрген. Бұл осыдан 5 жыл бұрынғы көрсеткіштен 11 пайызға көп.

Велосипед және жаяу жүргінші мәселелері жөніндегі қайырымдылық ұйымының басшысы Ксавье Брйстың айтуынша, Ұлыбританияда көмірқышқыл газы шығарындысының басым бөлігі көліктерге тиесілі болып отыр. Бұл жайт жыл сайын ел экономикасына миллиардтаған доллар шығын әкеледі.

Қазір оқып жатыр

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс

Ломтадзе Kaspi такси мен тамақ жеткізу сервисін іске қосуға неге асықпайтынын түсіндірді

Михаил Ломтадзе

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

дебат

Қарағандыдағы полиция бекетіндегі қыз өлімі: қылмыстық іс сотқа жолданды

ұрлық