USD
USD
USD

Жеке сот орындаушылар аккредитациядан өтуге міндеттеледі

Парламент жеке сот орындаушыларды аккредитациядан өтуге міндеттейтін заң жобасын қарап жатыр. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Сенат депутатының сауалына жолдаған жауапта айтқан.

Жазу
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Әділет министрлігі Парламент депутаттарымен бірге атқарушылық іс жүргізу механизмдерін жетілдіруге, сондай-ақ жеке сот орындаушыларының заңсыз әрекеттері үшін жауапкершілігін күшейтуге бағытталған заңнамалық түзетулер әзірледі. Атап айтқанда, ұсынылып отырған заңнамалық өзгерістер жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензия алуға қойылатын талаптарды қатаңдатуды, оқудан (біліктілігін арттырудан) өту мерзімдерінің кезеңділігін (3 жылдан 2 жылға дейін) қысқартуды, жұмыс істеп жүрген жеке сот орындаушыларын міндетті аттестаттауды енгізуді, қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін қатаң санкциялар белгілеуді, тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын (6 айға дейін) алып тастауды жоққа шығаруды, әкімшілік шараларды қолдануды, сот орындаушысының іс-әрекетінің ашықтығын қамтамасыз етуді көздейді», — деп жазады Олжас Бектенов.

Сондай-ақ, Премьер-министр жеке сот орындаушылардың заң бұзу фактілері бар екенін мойындаған.

«Осыған байланысты Әділет министрлігі Бас прокуратурасының ұсынуы бойынша жеке сот орындаушыларына қатысты шаралар қабылдады (кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды және лицензиялардан айрылды). Көрсетілген шаралармен қатар заңдылықты сақтау мен уақтылы шаралар қабылдау тұрғысынан жеке сот орындаушыларының қызметіне үнемі қашықтан мониторинг жүргізіледі», — делінген жауапта.

Қазір оқып жатыр

«Көзқарасымыз сәйкес келмейді»: Давид Лория Марат Омаров туралы ойын айтты

.

Желіде Қостанай қаласы білім бөлімінің бастығы ұсталғаны жөнінде ақпарат тарады

Гүлсім Оразбаева

Тоқаев Қазақстанды «Штрафстан» дейтіндерді ойы келте адамға теңеді

Астана

Жұмысқа тұрғызамын деп уәде еткен: Еңбекминнің экс-қызметкері алаяқтық күдігіне ілікті

Пара