USD
USD
USD

Жеке куәлікті ауыстыру толығымен онлайн форматқа көшіріледі

Сәуірдің соңына дейін жеке куәлікті ауыстыру процесі толығымен онлайн форматқа көшіріледі. Енді фотосуреттің талаптарға сәйкестігін маман емес, ЖИ-модель бағалайды. 

Жеке куәлік, азаматтық
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Осылайша, шамамен 1 млн адам ХҚО-ға бармай-ақ, уақытын үнемдейді. 

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевтің айтуынша, өткен жылы Халыққа қызмет көрсету орталығының операторлары 15,2 миллион қызмет көрсетті.

«Өтініштердің 80%-ы он қызметке тиесілі. Біз мемлекеттік органдармен бірлесіп, бұл қызметтерді автоматтандыру және баламасыз, тек онлайн форматқа көшіру бойынша жол карталарын әзірледік. Бірінші кезеңде: жеке куәлікті ауыстыру, электронды цифрлық қолтаңба беру, еңбекші мигранттарға рұқсат беру қызметтері. Келесі кезекте тіркеу қызметтері тұр: көлік, жылжымайтын мүлік, жер құжаттары. Мақсатымыз — жыл соңына дейін Халыққа қызмет көрсету орталығының жүктемесін 50%-ға дейін азайту», – деді Жаслан Мәдиев.

Мысалы, ең сұранысқа ие қызметтердің бірі — жеке куәлікті ауыстыру. Бұрын азаматтардың Халыққа қызмет көрсету орталығына келуі, фото түсіруі және ұзақ кезекте тұруы қажет болатын.

«Айдың соңына дейін бұл процесс толығымен онлайн форматқа көшіріледі. Біз процестерді сәтті сынақтан өткіздік және фотосуреттің талаптарға сәйкестігін маманның орнына AI-модель бағалайтын жүйені оқыттық. Процесс барынша қарапайым: идентификациядан өту, фото мен қолтаңбаны жүктеу, онлайн төлем жасап, құжат дайын болғаны туралы SMS күту. Кезексіз, бармай-ақ, бәрі үйден шықпай жасалады. Аталған сервис шамамен 1 миллион адамның Халыққа қызмет көрсету орталығына бару қажеттілігін жояды», – дейді министр.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза