USD
USD
USD

Жеке деректерін қорғау әр азаматтың міндеті – ІІМ

Жеке деректерді қорғау тек мемлекеттік органдар мен компанияларға ғана емес, азаматтардың өзіне де байланысты. Бұл жөнінде ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай айтты.

Бизнес
Фото: Pixabay.com

Астана, NEGE. Оның айтуынша, жеке деректерді қорғау мәселесіне әрбір ұйым үлкен жауапкершілікпен қарауы тиіс. 

«Интернет заманында әр азамат өзінің жеке деректерін қорғауға міндетті. Өз мәліметтерін түрлі сайттарға жариялаудан сақтану керек. Мемлекеттік орган болсын, жеке ұйым немесе компания болсын, жеке деректерді сақтауға және қорғауға жауапкершілікпен қарауы қажет», – деді департамент басшысы Құрылтай брифингінде.

Оның сөзінше, киберқауіпсіздік бағытында мемлекеттік органдар арасында бірлескен жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл ретте интернет мониторингі арқылы анықталған фактілер бойынша қылмыстық істер де қозғалған.

Тілшіміз жеке деректермен жұмыс істейтін компанияларға қойылатын талаптарды күшейту мәселесін де көтерді. Дегенмен департамент басшысы жеке деректермен тығыз жұмыс істейтін компанияларға қатысты талаптар қашан және қалай күшейтілетіні туралы сұрағымызға нақты жауап бермеді. 

Айта кетейік, бұған дейін Daryn.online білім беру платформасында 4,2 млн пайдаланушының жеке деректері тарап кеткені туралы ақпарат тараған болатын. Тексеру нәтижесінде бұл факт расталмаған. Алайда компания жеке деректерді қорғау бойынша міндетті шараларды тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Қазір оқып жатыр

Астанада телефонға елеңдеп, адам қағып кеткен автобус жүргізушісі 2 жылға сотталды

Автобус жүргізушісі

Қазақстанда ең жоғарғы 2,4 млн теңге жалақыны қандай дәрігерлер алады?

дәрігер

Қазақстанда 200-ден астам азамат көмекке мұқтаж болмағандықтан, жәрдемақыдан ерікті түрде бас тартты

Бектенов, Жұманғарин, Мәдиев

Қазақстанға есірткіні тәтті ретінде әкелмек болған 20 жастағы қыз 16 жылға сотталды

Кісен