Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Жеке деректерді таратқандарды жазалау ұсынылды

Үкімет отырысында жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкин дербес деректердің жаппай тарап кетуіне байланысты қылмыстық жауапкершілік енгізу ұсынылып отырғанын мәлімдеді.

freepik.com
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. Бұған қоса Қазақстанда азаматтардың жеке деректерін қорғау бойынша қауіпсіздік талаптарын сақтамағаны үшін әкімшілік айыппұлдарды ұлғайту жоспарланып отыр.

«Азаматтардың жеке өмірге қол сұғылмаушылық және жеке ақпаратты қорғау жөніндегі конституциялық құқықтарын іске асыра отырып, біз цифрлық деректердің кез келген тарапқа кетуіне және осы салада "нөлдік төзімділік" саясатына көшеміз. Осы мақсатта біз қауіпсіздік талаптарын орындамағандарға әкімшілік айыппұлдардың шегін бірнеше есе арттырып, 5 мың айлық есептік көрсеткішке дейін жеткіземіз.

Бұдан бөлек дербес деректер жаппай тарап кеткендіктен қылмыстық жауапкершілікті енгізуді ұсынамыз», – деп мәлімдеді Ростислав Коняшкин.

Вице-министр цифрлық трансформация азаматтардың қауіпсіздігіне нұқсан келтірмеуі керек екенін және жеке ақпаратқа жауапсыз қарау фактісі заңға сәйкес жазалануы керек екенін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық