Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Жеке дәріхана қызметкерлеріне қатысты 13 қылмыстық іс қозғалды

30 наурыз бен 3 сәуір аралығында есірткі және психотроптық дәрілердің заңды айналымын бақылау мақсатында «Дәрмек» іс-шарасы өтті.

Қарағанды
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Бұл жөнінде ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы Данияр Мейірхан мәлімдеді.

«Әсері күшті дәрілерді заңсыз сату бойынша 16 қылмыстық іс қозғалды, дәріхана қызметкерлеріне қатысты 13 қылмыстық іс тіркелді. Мыңнан астам медициналық мекеме және 300 кәсіпорын тексеріліп, 209 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. 500 мыңнан астам дәрі және 1,5 мың тонна прекурсордың айналымы шектелді, 73 кәсіпорын басшысы жауапкершілікке тартылды, 136 медицина қызметкеріне қатысты материалдар жиналды», – дейді ІІМ өкілі.

Оның мәлімдеуінше, Алматыда рецептісіз дәрі сатқан төрт дәріхананың фармацевтеріне қатысты қылмыстық істер қозғалған.

Ақтөбеде де ірі фармацевтикалық мекемеге қатысты іс қозғалып, 400 мың дәрі тәркіленген.

Ал Түркістан облысында 100 тонна күкірт қышқылы арнайы күзетсіз тасымалданғаны, Абай облысында 680 тонна прекурсорды тасымалдау ережесі бұзылғаны анықталған.

Заңда мұндай заңбұзушылықтар үшін жауапкершілік қарастырылғаны ескертілді.

Қазір оқып жатыр

Бедеулік «жасарып» барады: суррогат аналық туралы не білеміз?

суррогаттық ана

Дастан Сәтпаевтың «Челсидегі» дебюттік голы үздік деп танылды

Дастан Сәтбаев

Құлсарылықтар көпқабатты тұрғын үйлерде жылан пайда болғанын айтып, дабыл қағуда

Жылан қаптады

Түсім өсіп, пайда жоғалған. Air Astana НЕГЕ 21 млн доллар шығынға батты?

Air Astana Эйр Астана